NUR

Забур 56

Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол Дәуіттің Саулдан қашып, таудағы үңгірді паналағанына арналған.

1Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған, Өйткені үмітімді артамын Саған, Пәле-жала өткенше бас сауғалайын, Қанатыңның аясын паналайын.

2Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.

3Ол көктен көмек жолдап аман сақтайды, Мені өкшелеп қудалағанды қорлайды. Иә, Құдай рақымы мен шындығын сыйлайды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →