NUR
Леуіліктер 6
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді:
2Егер біреу басқа бір кісінің өзіне сеніп тапсырған немесе қарамағына қалдырған нәрсесін не өтірік айтып, не ұрлап, не мәжбүрлеп иемденіп алса, немесе біреудің жоғалтып алған нәрсесін тауып алып, ол туралы айтпай, антпен де мойындамаса, немесе адам осы сияқты басқа да күнә жасаса, онда сол адамның Жаратқан Иеге де опасыздық жасағаны.
3Біреу осылай күнә жасаса, айыпты болып қалады. Онда ол ұрлап не мәжбүрлеп алып қойғанын, сондай-ақ, біреудің өзіне сеніп тапсырғанын, не біреудің жоғалтып, ал өзі иемденіп алғанын,