NUR

Еремия 23

1«Халқымның билеушілері Менің «отарымдағы қойларды бағатын бақташылар» іспетті. Сол «бақташылар» қасіретке қалады! Өйткені олар бағуға тиістілерді өздері құртып, бытыратып қуып жатыр!» — дейді Жаратқан Ие.

2Өз халқын бағып жүрген осы «бақташыларға» Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сендер Менің «қойларымды» бытыратып қуып жіберіп, оларға тиісті назар аудармадыңдар. Сондықтан Мен сендердің толып жатқан зұлым істеріңе енді назарымды аударамын! — деп ескертеді Жаратқан Ие.

3Мен «отарымның» тірі қалғандарын Өзім айдап жіберген елдерден жинап аламын да, өздерінің еліне қайтарамын. Олар сонда өсіп-өнетін болады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →