NUR

Билер 19

1Исраилде әлі де патша болмаған сол заманда Ефремнің таулы аймағының алыс түкпірінде бір леуілік келімсек адам тұратын. Ол Яһуда аймағындағы Бетлехемнен кәнизак алған еді.

2Бірақ осы келіншегі леуілікке өкпелеп, Бетлехемдегі әкесінің үйіне кетіп қалды. Әйел сонда шамамен төрт ай болғаннан кейін,

3күйеуі жолға жиналды да, әйеліне жылы сөйлеп, оны қайтып келуге көндіру үшін оның артынан барды. Өзімен бірге қызметшісі мен екі есегін ертіп ала жүрді. Леуілік қайын атасының үйіне жете бергенде, келіншек оның алдынан шығып, үйге кіргізді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →