NUR

Билер 18

1Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Дан руының адамдары сол кездері өздері қоныстанатын мұралық жер іздестіріп жүрді. Өйткені олар Исраил руларының арасында өздеріне белгіленген мұралық жерді иемденіп алмаған еді.

2Сондықтан дандықтар өз әулеттерінен бес мықты жігітті таңдап алып, оларды бір жерді барлап қайтуға Сора мен Ештағолдан жұмсап жіберді. Оларға: «Сол жерді барлап, жақсылап зерттеп келіңдер!» — деп тапсырды. Бес барлаушы Ефремнің таулы аймағына барып, Миханың үйіне түсіп, сонда түнеп шықты.

3Олар Миханың үйіне жақындағанда леуілік жас жігіттің даусын естіп, сөйлеу мәнерінен (оның бөтен келімсек екенін) біліп қойған еді. Барлаушылар жолдан бұрылып, леуіліктің қасына барып: — Сені бұл елге кім алып келді? Мұнда не істеп жүрсің? Неліктен мұндасың? — деп сұрады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →