NUR
Ошия 10
1Исраил жемісін беретін жайқалған жүзім бұтасына ұқсайды. Ал жемісі көбейген сайын халық құрбандық үстелдерін көптеп салады. Ел өркендеген сайын, халық жалған тәңірлерге арналған киелі бағаналарды өрнектеп әшекейлеп отыр.
2Бұлардың кінәсі — екіжүзділігі. Жаратқан Ие олардың құрбандық үстелдерін қиратып, киелі бағаналарын талқандамақ.
3Содан соң Исраил халқы: «Біз Жаратқан Иені құрметтемеген едік, содан біздің патшамыз жоқ. Бірақ патшамыз болған күнде де, ол біз үшін не істей алар еді?» — дейтін болады.