NUR
Жаратылыс 11
1Жер бетіндегі бүкіл адамзат бір тілді, бірдей сөздерді қолданды.
2Адамдар шығыс жақта көшіп қонып жүргенде Шинар жерінде бір жазық алқапты тауып, соған қоныс тепті.
3Олар бір-біріне: «Келіңдер, кірпіш құйып, отқа күйдірейік!» — деді. Сонымен олар тас орнына күйген кірпіш, әк орнына қарамай қолданды.