NUR
Езекиел 6
1Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
2«Ей, пендем, бет-жүзіңді Исраилдің тауларына қарай бұр да, оларға қарсы Менің хабарымды жариялап
3былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің тау-төбелерге, аңғарлар мен шатқалдарға арнаған сөзіне құлақ салыңдар! Біліп қойыңдар, Мен сендерге қарсы жаудың семсерін жіберіп, биіктеу жерлеріңдегі (жалған тәңірлерге бағышталған) табыну орындарын жойғызамын.