NUR
Езекиел 26
1(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он бірінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2«Ей, пендем, Тир қаласының халқы Иерусалим жайында келекелеп былай деген еді: «Әп, бәлем! Жақсы болды! Өзіңе де сол керек! Халықтарға апаратын тоғыз жолдың торабында тұрған қала қиратылып, маған жолдар айқара ашылды. Сол қала талқандалып жатқандықтан, енді мен байлыққа кенелемін!»
3Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп ал, уа, Тир қаласы, Мен саған қарсы шығамын! Теңіздің жағалауға қарай толқындарын жөңкіте айдағанындай, Мен де саған қарсы көптеген халықтарды жөңкіте айдаймын.