NUR
Естер 1
1Бұл оқиға Ахасуер патшаның заманында болды. Ол Үндістаннан бастап Құш еліне дейін ұласқан жүз жиырма жеті аймаққа патшалық құрды.
2Сол кездері Ахасуер Сузы қорғанындағы сарайының тағында отырып билік жүргізді.
3Патшалық құрған үшінші жылы Ахасуер қарамағындағы барлық әміршілері мен қызметкерлеріне арнап той жасады. Тойға Персия мен Мидияның әскербасылары әрі аймақтардың ақсүйектері мен әміршілері жиналды.