NUR
Заңды қайталау 33
1Құдайдың таңдаған адамы Мұса қайтыс боларының алдында исраилдіктерге батасын беріп
2былай деді: «Жаратқан Ие келген еді Синайдан, Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан, Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан. Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандармен Келді оңтүстіктен, тау етектерінен.
3Иә, Ием, Сен халқыңды сүйесің, Өзіңе бағышталған қасиеттілердің Барлығы да қолыңда Өзіңнің, Бәрі жиналып аяғыңа бас ұрады, Сөздеріңді Өзіңнен қабыл алады.