NUR

Заңды қайталау 13

1Егер араларыңда пайғамбар не көріпкел пайда болып, бір ғажап іс не керемет туралы алдын ала жариялап,

2онысы жүзеге асса, әрі сол адам: «Ал, кәне, басқа тәңірлерге табынып құлшылық етейік!» — деп сендерді өздеріңе бейтаныс тәңірлерге мойынсұнуға еліктіріп азғырса,

3онда сендер сондай пайғамбардың не көріпкелдің айтқан сөздерін тыңдамаңдар! Осы жайт арқылы Құдайларың Жаратқан Ие сендерді, Өзін шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен сүйетін не сүймейтіндеріңді білу үшін сынайды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →