NUR
Амос 7
1Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Ол шегіртке үйірлерін жасап шығарды. Бұл патшаның өнімі жиналып болып, одан кейінгі өнім көктеп шыға бастаған кезде болды.
2Шегірткелер бүкіл елдегі көкті жеп қойғанда мен: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, бізді кешіре гөр! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым.
3Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып: — Жарайды, бұлай істемеймін! — деп шешті.