NUR

Елшілердің істері 19

1Аполлос Қорынтта болған кезде, Пауыл Кіші Азияның таулы өңірлерін аралап жүріп, соңында Ефеске жетті. Сол жерде ол Иеміздің бірнеше шәкірттеріне кездесті.

2Пауыл олардан: — Сендер сенген кезде Киелі Рухты қабылдадыңдар ма? — деп сұрады. Шәкірттер: — Киелі Рухтың бар екендігі туралы естіген де емеспіз, — деп жауап берді.

3Ал Пауыл: — Кімнің суға шомылдыру рәсімінен өттіңдер? — деп сұрады. Олар: — Жақияның рәсімінен, — деп жауап қайтарды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →