NUR
Патшалықтар 2 24
1Жаратқан Иенің қаһары (күнә жасап жүрген) Исраилге қарсы қайтадан лаулады. Сонда (әзәзіл) Дәуітті халыққа қарсы қойып: «Бар да, (Солтүстік) Исраил мен Яһуданы санақтан өткіз!» — деп түрткіледі.
2Патша Жоғабқа және оның қарамағындағы қолбасшыларына бұйрық берді: «Әскер жасындағы халықтың санын білгім келеді. Исраилдің руларын оңтүстіктегі Бер-Шебадан солтүстіктегі Данға дейінгі аралықты түгелдей қамтып, халықтың санағын алыңдар!» — деді.
3Жоғаб патшаға: — Әскер жасындағы халқыңыз қаншама көп болса, Құдайыңыз Жаратқан Ие оны жүз есе көбейте көрсін! Мұны өз көзімен көруді тақсыр иеме жазсын! Ал, патша ағзам, мұндай шараны неліктен іске асырғыңыз келіп отыр? — деп жауап берді.