NUR
Патшалықтар 2 14
1Сарұяның ұлы Жоғаб Дәуіт патшаның Абессаломды сағынғанын байқап қалды.
2Жоғаб Текояға адам жіберіп, ол жақтан бір ақылды әйелді алдыртып, оған былай деді: «Жоқтап қайғырғандай болып, азалы киім киіп ал. Өзіңді маймен сылама, керісінше, көп күн бойы өлген адамды жоқтап келген біреудей бол!
3Патшаның алдына барып, оған былай де», — деп, Жоғаб оған не айту керек екендігін үйретті.