NUR
Патшалықтар 4 7
1Еліше бұған былай деп жауап берді: — Жаратқан Иенің сөзіне құлақ түріңдер! Жаратқан Ие мынаны айтады: Ертең осы уақытта қала қақпасының жанында бір қапшық таңдаулы бидай ұны да, екі қапшық арпа да бір-ақ мысқал күміске сатылатын болады!
2Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері Құдайдың адамына: — Жаратқан Ие тіпті аспанның қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?! — деп сенімсіздік білдірді. Еліше оған: — Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың! — деп жауап берді.
3Сол кезде қала қақпасының маңайында алапеспен ауырған төрт адам отырған еді. Олардың біреуі қалғандарына былай деп ұсыныс жасады: «Біз осында несіне өлгенше отыра береміз?