NUR

Шежірелер 2 23

1Ал жетінші жылы діни қызметкер Еходайдың ықпалы күшейіп, әрекет етуге шешім қабылдады. Содан ол мына жүзбасылармен кеңесіп, келісім жасады: Жорам ұлы Азариях, Жоханан ұлы Ысмағұл, Ғабит ұлы Азариях, Адаях ұлы Мағасиях, Зіхри ұлы Елішапат.

2Осы жүзбасылар Яһуда елін құпия аралап шығып, барлық қалалардағы леуіліктерді және Исраилдің әулет басшыларын жиналуға шақырды. Бұлар Иерусалимге жеткен соң,

3бүкіл жамағат Құдайдың киелі үйінде жас патша Жоғаспен келісім жасады. Еходай оларға былай деп нұсқады: «Мынау патшаның ұлы! Жаратқан Ие Дәуіттің ұрпақтары жайлы уәде еткендей, мұның патшалық құруы керек!

Nur ilovasida to'liq o'qish →