NUR
Патшалықтар 1 25
1Осы аралықта Самуил пайғамбар қайтыс болып, бүкіл Исраил халқы Рамаққа жиналды. Олар оны жоқтап аза тұтып, мәйітін үйінің қасындағы қабірге қойды. Мұнан кейін Дәуіт Мағон маңайындағы елсіз аймаққа қарай ығысты.
2Мағон қаласында бір өте бай адам тұрып жатты. Оның үш мың қойы, бір мың ешкісі және көршілес Кәрмел қаласының маңында жайылымдық жері де бар болатын.
3Бұл кісінің есімі Набал, әйелінің есімі Әбигел еді. Әбигел ақылды да сымбатты, ал күйеуі Набал қатыгез де қара ниетті болатын. Набал Халептің үрім-бұтағынан шыққан еді. Сол уақытта Набал Кәрмелде қойларын қырқып жатты.