NUR
Патшалықтар 1 23
1Бірде Дәуітке «Філістірлер Кеил қаласына шабуыл жасап, қырмандағы астықтарын тонап жатыр» деген хабар жетті.
2Сонда Дәуіт Жаратқан Иеден: «Мен барып, сол філістірлерге шабуыл жасайын ба?» — деп ақыл сұрады. Жаратқан Ие: «Иә, барып, філістірлерге шабуыл жасап, Кеилді құтқар!» — деп жауап берді.
3Бірақ Дәуіттің қасындағы серіктері: «Бізге мұнда, Яһуда елінің ішінде-ақ қауіп-қатер төнуде. Ендеше қалайша біз Кеилдегі філістір жасағына қарсы аттанбақпыз?!» — деп шүбә келтірді.