NUR

Шежірелер 1 22

1Сонымен Дәуіт: «Құдай Иенің жаңа киелі үйі және Исраилдің шалынып, өртелетін құрбандықтарын ұсынатын үстелі осы жерде салынсын!» — деп шешті.

2Содан Дәуіт Исраилде тұрып жатқан жат жұрттықтарды жинап алуға жарлық шығарды. Солардың арасынан Құдайдың киелі үйінің құрылысына қажетті тастарды шауып, өңдеп дайындайтын жұмысшыларды жинауға әмір етті.

3Қақпаның есіктеріне арналған шегелер әрі қапсырма шегелер жасау үшін Дәуіт көп мөлшерде темір дайындап қойды. Даярланған қоланың көп болғаны сонша, оның салмағын анықтау да мүмкін емес еді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →