NUR

Зәкәрия 7

1Дарий патшалық құрған төртінші жылының тоғызыншы, яғни кислеп, айының төртінші күні Жаратқан Ие Зәкәрия пайғамбарға қайтадан сөзін арнады.

2Бетелдің тұрғындары Шаресер мен Регем-Мәлікті өз адамдарымен бірге Жаратқан Иенің алдына барып сиынып, Одан рақым етуін өтінуге жіберген еді.

3Бұлар Әлемнің Иесінің киелі үйіндегі діни қызметкерлер мен пайғамбарлардан: «Ұзақ жылдар бойы бесінші айды ғибадатхананың қирағанын еске түсіріп, қайғырып ораза ұстаумен өткізіп келген едік. Енді соны жалғастыра берудің бұдан былай да керегі бар ма, жоқ па?» — деп сұрады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →