NUR
Зәкәрия 5
1Мұнан кейін жоғары қарасам, бір шиыршық кітап ұшып бара жатыр екен.
2Періште менен: — Не көріп тұрсың? — деп сұрады. — Ұшып бара жатқан бір шиыршық кітапты көріп тұрмын. Оның ұзындығы жиырма шынтақ, ені он шынтақ, — деп жауап бердім.
3Сонда ол маған түсіндіріп былай деді: — Осы кітапта жазылғаны — бүкіл жер бетіне таралып жатқан қарғыс. Қағаздың бір бетінде әрбір ұры, екінші бетінде әрбір өтірік ант етуші елден міндетті түрде аластатылады деген сөз жазылған.