NUR
Зәкәрия 4
1Менімен сөйлескен періште қайтып келіп, мені оятқандай сілкіп қалды.
2Ол менен: — Не көріп тұрсың? — деп сұрады. Мен жауап беріп былай дедім: — Бір алтын шам қойғышты көріп тұрмын. Оның төбесінде майға арналған тостағаны және жеті май шамы әрі соларға байланған жеті түтікшесі бар.
3Сондай-ақ, майға арналған тостағанның оң және сол жақтарында тұрған екі зәйтүн ағашын көріп тұрмын.