NUR
Зәкәрия 14
1Біліп алыңдар, Жаратқан Иенің күні келе жатыр! Сол заманда сендерден алынған олжа өз көз алдарыңда бөлінетін болады.
2Себебі Мен барлық халықтарды Иерусалимге қарсы соғысуға жинаймын. Қала олардың қолына түсіп, жау әскері ондағы үйлерді талан-таражға салып, әйелдерді зорлап масқаралайтын болады. Қала тұрғындарының жартысы жер аударылып әкетіліп, қалғандары қалада қалдырылады.
3Сонда Жаратқан Ие ежелгі замандарда шайқасқандай, осы халықтарға қарсы шайқасады.