NUR
Таңдаулы ән 7
1(Құрбылары:) Айналшы, шуламдық, дөңгелеп би биле! Саған қарап тұрайық біздер сүйсіне. (Күйеу:) Неге Маханайым биін билегендер Арасындағы бұл шуламдыққа сендер Сүйсіне қарауды сонша тілейсіңдер? (Күйеу:)
2Сандал киген аяғың қандай ажарлы, Уа, ақсүйек әміршінің қызы! Сенің қос саныңның сұлу пішіні Зергер қалпын жасаған асыл тас секілді.
3Кіндігің дәмді шарап құйылған тостағандай, Белің лалагүл қоршап үйілген бидайдай.