NUR

Таңдаулы ән 1

1Сүлейменнің таңдаулы әні. (Қалыңдық:) Еріндерің өпсін қайта-қайта мені, Махаббатың сенің шараптан да тәтті,

2Иісмайыңның жұпары аңқып кетті, Атың шашылған иіссудай әйгілі, Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.

3Ала кетші мені өзіңмен бірге, Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне! Патшам мені кіргізді өз бөлмелеріне. (Қалыңдықтың құрбылары:) Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз, Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз. (Қалыңдық:) Өзіңді ұнатқандарына осылардың, Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!

Nur ilovasida to'liq o'qish →