NUR

Аян 1

1Бұл — Иса Мәсіхтің көрініп, Құдайдың құпия жоспарын ашып, аян бергені туралы жазба. Құдай жақын арада болуға тиісті оқиғаларды өз қызметшілеріне көрсету үшін осы аянды Иса Мәсіхке тапсырды. Ол соларды қызметшісі Жоханға періштесін жіберіп білдірді.

2Ал Жохан көргендерінің бәрін: Құдайдың хабарын және Иса Мәсіхтің аян еткендерін баяндап берді.

3Осы пайғамбарлық хабардың сөздерін оқып беретіндер де, оларды тыңдап, жазылғандарды ұстанатындар да бақытты! Себебі бұлардың іске асатын уақыты таяп қалды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →