NUR
Забур 68
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Қызғалдақтар» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.
1Құтқара гөр, уа, Құдайым менің, «Тасыған су» жетті мойныма дейін,
2«Батпаққа» терең батып бара жатырмын, Аяқ басып тұрар жер таба алмаймын, Судың тереңіне батқан адамдаймын, Ағызып барады мені қатты ағын.
3Жалбарына айқайлап қалжырадым, Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым, Құдайымды күтіп талды қос жанарым.