NUR
Забур 47
Қорах ұрпақтарының әні әрі жыры.
1Құдайдың таңдап алған қаласында, Оның қасиетті Сион тауында Жаратқан Иеміз теңдессіз ұлы, Ол мадақталуға әбден лайықты!
2Әсем де биік Сион тауы — Күллі әлемнің қуанышы, Таудың солтүстік жағындағы Ұлы Патшаның астанасы.
3Бекіністі сарайларында Құдай Белгілі қорғаушы, баспанадай.