NUR
Забур 34
Дәуіттің жыры.
1Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.
2Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
3Семсер суырып, қуғыншыларды бөгеші, «Мен Құтқарушыңмын!» деп жаныма жігер берші.