NUR
Забур 29
Ғибадатхананы Құдайға бағыштау кезінде айтылатын Дәуіттің әні әрі жыры.
1Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын, Сен мені шыңыраудан алып шықтың, Жауларыма мені табалатпадың.
2О, Құдай Ием, мен Саған сиындым Қолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың.
3Уа, Ием, мені көрден алып қалдың, Ажалдан жанымды арашаладың.