NUR
Забур 143
Дәуіттің жыры.
1Даңқталсын құздай нық қорғаным — Жаратқан! Қолдарымды соғысқа Ол жаттықтырған, Саусақтарымды шайқасқа дайындаған.
2Ол — рақымның қайнары әрі қамалым, Мықты мұнарам әрі құтқарушым, Қалқандай қорғаушым әрі баспанам, Халқымды Ол билігіме тапсырған.
3Уа, Ием, Сен ескеретіндей адам сонша кім, Өзің қамқорлайтындай адам баласы кім?