NUR

Забур 130

Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.

1Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,

2Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.

3О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!

Nur ilovasida to'liq o'qish →