NUR
Забур 126
Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.
1Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса, Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая. Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе, Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.
2Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар, Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар. Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.
3Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.