NUR
Забур 1
1Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
2Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады.
3Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды: Сол мерзімінде жемісін береді, Жапырақтары кеуіп те сембейді, Не істесе де, ол табысқа жетеді.