NUR

Абдия 1

1Бұл — Абдидің көрген көрінісі. Мұнда Жаратушы Тәңір Иенің Едом елі туралы айтқаны берілген. Жаратқан Иеден жеткен бір хабарды естідік, халықтардың арасына бір шабарман жіберілді. Ол: «Жиналыңдар! Едомға қарсы шайқасуға шығыңдар!» — деп жариялайды.

2(Жаратқан Ие Едом еліне былай деп ескертеді:) «Біліп қой, Мен сені ұлттардың арасында шағын әрі әбден елеусіз қыламын.

3Сен жартастағы қуыста тұрып, биік қыраттарды мекендеп келесің. Сондықтан «Кім мені бұл жерден құлатып түсіре алады?!» деп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің.

Nur ilovasida to'liq o'qish →