NUR
Санақ 24
1Ал Балағам Жаратқан Иенің Исраилді жарылқағысы келіп отырғанын сезіп, енді бұрынғыдай сәуегейлікке сүйенбеді. Қайта, ол елсіз далаға қарай бет-жүзін бұрып қарады.
2Балағам көз тастап, рулары бойынша қатар-қатар тұрақтаған исраилдіктерді көрген кезде, оған Құдайдың Рухы қонды да,
3ол мына нақыл сөзін айтты: — Беғор ұлы Балағамның пайғамбарлық сөзі, Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі: