NUR

Нехемия 9

1Сол айдың жиырма төртінші күні исраилдіктер қайтадан жиналды. Олар ораза ұстап, азалы киім киіп, бастарына күл-топырақ сеуіп қатты қайғырды.

2Сол кезде Исраилдің үрім-бұтағы барлық жат жұрттықтардан бөлініп шықты. Исраилдіктер (Жаратқан Иенің алдында) тұрып, өз күнәлары мен ата-бабаларының теріс қылықтарын мойындады.

3Олар үш сағат бойы сол жерде тұрып, Құдайлары Жаратқан Ие тапсырған Таурат заңының кітабын оқумен болды. Бұдан кейін олар тағы үш сағат бойы Құдай Иенің алдында күнәларын мойындап, бастарын иіп Оны дәріптеді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →