NUR

Нехемия 6

1Санбаллат, Тобиях, арабиялық Гешем және қалған дұшпандарымыз да менің қабырға құрылысын бітіріп, оның бірде-бір құлаған жерінің қалып қоймағаны туралы хабар алды. Ал қақпалардағы есіктерді мен әлі де орнатып болмаған едім.

2Сондықтан Санбаллат пен Гешем маған кісі жіберіп: — Оно алқабындағы елді мекендердің бірінде кездесейік! — деп шақырды. Олар маған қастандық жасауға ниеттеніп жүрген болатын.

3Мен оларға хабаршыларымды жіберіп: — Мен мұнда зор іспен айналысып жатырмын. Сондықтан сол жерге төмен түсіп бара алмаймын. Не үшін жұмысты тоқтатып, сіздерге ылдилап баруым керек? — деп жауап бердім.

Nur ilovasida to'liq o'qish →