NUR
Нехемия 11
1Халықтың басшылары Иерусалимде қоныстанды. Бұған қоса жалпы халықтың оннан бірін қасиетті қала — Иерусалимге қоныстандыру үшін жеребелер тасталды. Халықтың қалған оннан тоғыз бөлігі өзге қалаларда тұрып қалды.
2Өз еркімен Иерусалимде тұруға тілек білдірген адамдар да болды. Халық солардың барлығын мақтап, оң батасын берді.
3Иерусалимде тұрған аудан басшыларының аты-жөндері төменде берілген. Көптеген исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер, ғибадатхана қызметшілері және Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтары Яһуда аймағындағы өз қалаларында, өздерінің меншікті жерлерінде тұрады.