NUR
Марқа 10
1Иса сол жерден шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды. Қасына қайтадан халық жиналып, Иса Өзінің әдеті бойынша оларға тәлім берді.
2Бірнеше парызшылдар келіп, Исаны сынамақ болып: — Күйеуінің әйелімен ажырасуына бола ма? — деген сұрақ қойды.
3Иса: — Мұса пайғамбар сендерге не бұйырған? — деп жауап қайырды.