NUR

Лұқа 3

1Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод (Антипас) — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі,

2ал Ханна мен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды. Сол кезде Құдай айдалада Зәкәрия ұлы Жақияға сөзін арнап (оны пайғамбарлық міндетіне кірістірді).

3Содан Жақия Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап былай деп уағыз айтты: «Күнәларыңа өкініп теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді».

Nur ilovasida to'liq o'qish →