NUR

Лұқа 16

1Иса шәкірттеріне мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір байдың үй шаруашылығын басқаратын кісісі болған екен. Сол адам мал-мүлкіңізді шашып жатыр деген сыбыс байдың құлағына жетеді.

2Бай оны шақырып алып: — Сен туралы естіп жүргенім не әңгіме? Жұмысың жайлы есеп бер! Бұдан былай үйімді басқара алмайсың, — деп шешеді.

3Басқарушы сонда өзіне-өзі: Енді не істесем екен, қожайыным мені жұмыстан босатып тастамақ. Жер қазу қолымнан келмейді, қайыр сұрауға ұяламын.

Nur ilovasida to'liq o'qish →