NUR

Ешуа 5

1Өзеннің батыс жағындағы аморлықтардың патшалары және теңіз жағасында тұратын қанахандықтардың патшалары Жаратқан Иенің исраилдіктер өзеннен өтіп болғанға дейін олардың алдарынан Иорданның суын құрғатып қойғаны туралы естіді. Содан әлгі патшалар жүрексініп, әлсіреп, исраилдіктерден зәре-құты қалмай қорықты.

2Сол кезде Жаратқан Ие Ешуаға: «Өткір шақпақ тастан пышақ жасап, сүндеттелмеген исраилдік еркектерді сүндетте», — деген әмір берді.

3Ешуа өткір шақпақ тастан пышақ жасап, сүндеттелмеген исраилдіктерді Гибеат-Аралот деген жерде сүндеттеді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →