NUR

Ешуа 23

1Бұдан кейін арада көп уақыт өтті. Жаратқан Ие Исраилге айналаларындағы жауларының барлығынан тыныштық сыйлаған болатын. Ешуа қартайып, жасы ұлғайған еді.

2Содан бір күні Ешуа бүкіл Исраилді, яғни халықтың ақсақалдарын, рубасыларын, төрешілері мен басқарушыларын, шақырып алып, оларға былай деді: — Міне, мен қартайып, жасым ұлғайды.

3Құдайларың Жаратқан Иенің сендер үшін елдегі барлық халықтарға не істегенінің бәрін де өз көздеріңмен көрдіңдер. Құдай Иелеріңнің Өзі сендер үшін соғыс жүргізді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →