NUR
Ешуа 17
1Ал енді, Жүсіптің тұңғышы Манасадан тараған рудың жартысына үлестірілген жер мынау: Махыр әулеті батыл жауынгерлер болғандықтан, оларға (Иорданның шығыс жағындағы) Ғилақад пен Башан аймақтары иемденуге берілген еді.
2Манасаның қалған ұрпақтарына (Иорданның батыс жағында) әулеттері бойынша мұралық жер үлестірілді. Манасаның еркек кіндікті ұрпақтарынан Әбиезер, Хелек, Асриел, Сихем, Хефер, Шемида әулеттері тарады.
3Ал Манасаның шөпшегі, Махырдың шөбересі, Ғилақадтың немересі, Хефер ұлы Салопахадта ұл болмай, Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса атты қыздары ғана болды.