NUR

Еремия 44

1Кейінірек Жаратқан Ие Еремияға Мысыр елінің Миғдол, Тахпанхес және Мемфис қалаларында және оңтүстік Мысырда тұратын яһудилер туралы сөзін арнап былай деді:

2— Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Менің Иерусалимге және Яһуданың күллі қалаларына жіберген апатымды өздерің көрдіңдер. Олар, міне, қазір қирап, қаңырап бос жатыр.

3Мұның себебі — халық зұлым істер істеп, өздері де, ата-бабалары да танып-білмеген бөгде тәңірлерге табынып, оларға құрбандық шалып, хош иісті заттарды түтетіп ұсыну арқылы қаһарымды туғызған еді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →