NUR
Еремия 29
1Набуходоносор Иерусалимнен Бабылға жер аударып әкеткен халықтың әлі де көзі тірі ақсақалдарына, діни қызметкерлері мен пайғамбарларына және бүкіл халыққа Еремия пайғамбар сәлемхатын жолдады.
2Ол бұл хатты Ехониях патша, оның шешесі, сарай қызметкерлері және Яһуда мен Иерусалимнің әміршілері, қолөнершілері мен ұсталары Иерусалимнен айдалып кеткеннен кейін жазды.
3Еремия хатын жеткізуді Яһуда патшасы Седекияхтың Бабыл патшасы Набуходоносорға жіберген елшілері Шапан ұлы Еласах пен Хелкия ұлы Гемарияхқа аманаттады. Хатта былай делінген еді: