NUR
Еремия 28
1Яһуда еліне Седекиях патшалық құрған сол төртінші жылының бесінші айында гибеондық Азур ұлы Хананиях Жаратқан Иенің киелі үйінде діни қызметкерлер мен жиналып тұрған бүкіл халықтың көзінше маған тіл қатып былай деді:
2— Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Мен Бабыл патшасының мойынтұрығын сындырамын.
3Осыдан екі жыл өтпей-ақ Мен Бабыл патшасы Набуходоносордың Жаратқан Иенің киелі үйінен Бабылға алып кеткен бұйымдарының бәрін де осы жерге қайтарамын!